Футбол
Атырау қаласының теміржол вокзалында 2006-07 жылғы оқушылар арасында Семейде өткен «Кока-Кола Былғары доп» атты республикалық футбол турнирінен күміс алқамен оралған Махамбет ауданының командасын салтанатты түрде қарсы алды.
Махамбеттік балалар облыстық «Былғары доп» сайысында жеңіп шығып, репсубликалық турнирге жолдама ұтып алған еді. Семейде олар бастапқы матчта «Алматыдан» жеңіліп (1:2), бірақ содан соң «Ертіс» (Семей), «Талдықорган» және «Жамбыл» командаларынан үстем түсіп (3:0, 2:0, 2:1), жартылай финалға шықты. Ол жерде «Павлодар» командасын (2:1) жеңіп шықты. Финалда олар қайтадан «Алматымен» бәсекелес болды. Негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталды, ал пенальти кезінде алматылықтар басымырақ түсті (3:4). Дегенмен де, бұл махамбеттік балалардың үлкен жетістігі. Оларды Махамбет БЖСМ футбол бапкері Әділет Ідірісов дайындады.
Суретті өңірлік дене тәрбиесін және спортты дамыту орталығы ұсынды
***
Күрес
Астанада белдесіп күресу бойынша әлем чемпионаты өтті.
Ел құрамасында Атырау өкілдері керемет нәтиже көрсетіп, ешкім алқасыз қалмады. Қалжан Тайжанова (суретте) 80 келіге дейінгі салмақта чемпион атанып, Оңтүстік Қазақстан, Өзбекстан, Моңғолия және Ресейден келген бәсекелестерінен үстем түсті. Айбек Ахметов (90 келіге дейін) пен Амандық Аблаев (100 келіден жоғары) қола алқа иеленді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ