
«Эйр Астана» компаниясының ұшқышы Амстердам халықаралық әуежайында қанынан алкоголь табылғаны үшін жұмыстан қуылды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«Эйр Астана» әуе компаниясы 2017 жылдың 24 шілдесінде ұшқыш Сұлтан Нұрмағанбетовке қатысты шара қабылданғанын мәлімдейді. Ішкі тексерістен кейін Airbus A 320/321 екінші ұшқышымен еңбек келісімшарты бұзылды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, аталған компанияның Амстердамнан шығатын рейсі екінші ұшқыштың қанынан алкоголь табылуына байланысты тоқтатылған болатын. Әуе тасымалдаушының агенттері жолаушылардың билетін 21 шілдеге ауыстырды.
Компания жолаушыларды қонақ үйге орналастырды. Ал ұшқыш айыппұл төлегеннен кейін, Алматыға қайтарылды.
Дереккөз: Baq.kz
В Атырау 0