Атырау, 14 қаңтар 10:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Зейнетақыны жоғары мөлшерде төлей бастадық - министр Дүйсенова

1 609 рет қаралды

Фото: ҚазАқпарат
Шілдеден бастап зейнетақының көлемі ұлғайды. Аталған әлеуметтік көмектің алғашқы төлемі барлық зейнеткерлерге аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Бүгін біз зейнетақының жоғары мөлшерін барлық 2 млн зейнеткерімізге төлеуді аяқтадық. Осы мақсатта тек бір айға бюджеттен қосымша 50 млрд теңге бөлінді. Бұдан бөлек, 1 шілдеден бастап нәрестелі болған отбасылар бір реттік жәрдемақыны 20 пайызға артық ала бастады», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында. 

Айта кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы зейнетақы көлемін 2016 жылғы деңгейден 20 пайызға арттыруды, сондай-ақ 1 шілдеден бастап бала тууына байланысты бір реттік мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін 20 пайызға ұлғайтуды тапсырған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат


26 шілде 2017, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.