Атырау, 22 желтоқсан 06:49
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Оралда "шейх Халилдің" соты басталды

1 882 рет қаралды

Абдухалил Абдужаббаров пен адвокаты Жандос Бұлқайыр сот отырысында. Орал. 25 шілде 2017 жыл
Орал қалалық сотында 42 жастағы Абдухалил Абдужаббаровтың соты басталды. Оған "терроризмді насихаттау" және "діни араздықты қоздыру" айыптары тағылған.

Прокурор Қайрат Дәукеновтың айтуынша, Абдужаббаров 2003 жылдан бері Атырау. Орал және Ақтөбе мешіттерінде уаххабизм және тәкпір идеяларын насихаттаған.

"Жұртқа "шейх Халил" есімімен танымал Абдужаббаров намаз оқымайтын мұсылмандарды "кәпір" деп атап, халықты жиһадқа шақырып келген" дейді прокурор.

Абдужаббаров өзіне тағылған айыпты мойындамады. Сотқа оның ағасы, әйелі және балаларының бірі келді. Абдужаббаровтың адвокаты Жандос Бұлқайыр іспен танысып шығу үшін судьядан сотты кейінге қалдыруды сұрады. Келесі сот отырысы 1 тамызға белгіленді. Судья бұл іс бойынша жүзге жуық куәгер сұралатынын, олар өз өмірлерінің қауіпсіздігі үшін соттың жабық өтуін сұраған.

Дереккөз: Азаттық

25 шілде 2017, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.