Атырау, 22 желтоқсан 06:49
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Сот өз-өзін атып өлтірген ер адамға қатысты істі қайта қозғады

1 947 рет қаралды


АСТАНА, 24 шілде — Sputnik. Целиноград прокуратурасының алдында оқ атып, кейін өзіне қол салған Өмірбек Жампозов ісі бойынша сот ісі қайта басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бір топ тұлға Преображенский су торабын қайта жөндеуден өткізу бойынша бөлінген мемлекеттік қаражатты ысырап қылды деген күдікке ілінген.

"ҚР ҚПК 385-бабына сәйкес мәселелерді шешу үшін сот талқылауы қайта басталады. Сот тергеуі де қайта жүргізілуде. Келесі отырыс 31 шілде күні, 10 сағатта өтеді", — деп хабарлады Целиноград аудандық сотының төрағасы Төлеген Турғанбаев.

Еске салсақ, Целиноград прокуратурасы алдында атыс шығарып, өз-өзіне қол салған Өмірбек Жампозов пен мемлекет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті басқа да тұлғаларға үкім шығару кейінге шегерілген еді.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

24 шілде 2017, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.