Атырау, 23 желтоқсан 01:02
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Сәби «Нивамен» бірге суға батты

3 338 просмотра

19-шы қаңтарға қараған түні «Нива» автокөлігі мұз астына түсіп кеткен. 6 жасар сәби көз жұмып, ал ересектер аман қалған.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің судан құтқару қызметінің бастығы Ершат ҚИБАШЕВТЫҢ хабарлауынша, қайғылы оқиға Мечников-Баймұханов көпірінің маңында орын алған.  

«Сәрсенбі күні түнгі сағат 1.50-де бізге Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшісінен хабарлама келіп түсті. Біз оқиға болған жерге жеттік. Келген кезде «Нива» көлігі мұз астында жатты. Ал сүңгуірлер іздеу жұмыстары кезінде су астынан 6 жастағы сәбидің денесін тапты. Сағат 2.20-да оның денесін судан шығарып, ІІД қызметкерлеріне берді. Сәбиден басқа салонда тағы бес ересек адам болған, арасында суға батқан баланың да анасы болыпты. Олардың бәрі өздіктерінен судан шығып үлгеріп, біздің қызметіміз жеткенше оқиға болған орыннан кетіп үлгерген», - деп хабарлады Е.Қибашев.

Кейінірек анықталғандай, машина өзен бойымен Жилгородок жақтан келе жатқан. Ересек жолаушылар Шоқыну мейрамы кезінде ойыққа шомылғылары келген екен. Қалалық ІІД тергеу бөлімі бастығының орынбасары Әзиза ЖҰМАҒАЗИЕВАНЫҢ айтуынша, көлік жүргізушісі сау күйде болған. «Нива» көлігі мұзойыққа түсіп кеткеннен кейін ересектер секіріп шығып үлгерген. Ал сәби машинамен бірге мұз астына кеткен. «Ересектердің өздері бізге және төтенше жағдайлар қызметіне хабарласты. Таңертең біз олардан жауап алдық. Суға кеткен баланың анасы қазір ауруханада жатыр».

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

20 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.