Атырау, 17 мамыр 11:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

«Нұрлы жол» вокзалы сәулет өнерінің «Оскарына» номинанттар тізіміне кірді

2 205 просмотра


WAF-2017 Бүкіләлемдік сәулет фестивалінің ұйымдастырушылары финалистер тізімін жариялады. Тізімге енген 400-ден аса нысанның арасында жақында ғана пайдалануға берілген «Нұрлы жол» вокзалы да бар.

Астананың жаңа вокзалы «Көлік» номинациясында ұсынылған, бұдан бөлек бұл аталымда тағы 13 жоба бар. Жоба авторлары – Tabanlioglu сәулет бюросы қатаң іріктеуден өткен және осы күзде Берлинде өз жобаларын таныстырады. Жеңімпаздар 15 мен 17 қараша аралығында өтетін фестивальде белгілі болмақ. Айта кетсек, жыл сайын ұйымдастырылатын іс-шара биыл он жылдық мерейтойын атап өтеді.

Осы жылы ұйымдастырушылар мыңға тарта өтінім қабылдаған. Әдетте WAF-ты сәулет өнерінің «Оскарына» балап жатады. Салтанатты рәсімде түрлі номинация бойынша отыз үздік нысан таңдалып, «Жыл ғимараты» атағы беріледі. Фестиваль жеңімпаздары мен финалистері осыдан кейін бүкіл әлемге танылып, көптеген артықшылықтар мен жеңілдіктерге ие болады.

Естеріңізге сала кетсек, елордадағы жаңа вокзалдың құрылысы 2014 жылы басталған болатын. Құрылыс жұмыстары осы жылдың мамырында аяқталған еді.

Дереккөз: Baq.kz


19 шілде 2017, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.