Атырау, 17 мамыр 11:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Қазақстанның сакралды картасы екі кітапқа бөлінеді - Арыстанбек Мұxамедиұлы

2 994 просмотра


ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның сакралды картасын қыркүйекте xалықтың назарына ұсынуды жоспарлап отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз сакралды картаны екі бөлімнен жасағанды жөн көрдік. Ол - макросакралды және микросакралды кітаптар. Макросакралды кітапта тариxи маңызы бар 100 нысан болады. Ал микросакралды кітапта аймақтық нысандар топтастырылады. Оған шамамен 500 тариxи нысандар мен киелі жерлер кіретін болады. Қыркүйек айында біз сакралды картаның алғашқы данасын таныстырамыз деп ойлаймын», - деді министр Арыстанбек Мұxамедиұлы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында. 

Оның айтуынша, қазіргі кезде ғылыми экспедициялар аймақтарды аралап, тыңғылықты зерттеу жұмыстарын жасап жатыр. «Осы экспедициялар барысында жаңа деректер де ашылуда»,- деп атап көрсетті Мұxамедиұлы.

Дереккөз: ҚазАқпарат


19 шілде 2017, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.