Атырау, 17 мамыр 10:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Маңғыстау облысында ауыл жастары атысты: 6 адам ауруханада жатыр

2 603 просмотра


Маңғыстау облысындағы ауылдардың біірнде атыс болып, алты адам зардап шекті, - деп хабарлайды "Лада" өңірлік ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Басылымның жазуы бойынша, оқиға Қарақия ауданыдағы Құрық ауылында шілденің 18-не қараған түні болған. Оқиға салдарынан үш адамға аудандық ауруханада көмек көрсетілді, ал ауыр жағдайға байланысты тағы үшеуін облыстық ауруханаға алып кетті. 20, 22 және 23 жастағы жігіттер ауруханаға көптеген оқ жарақатымен 00:30 шамасында жеткізілген. 

"Үш науқасқа жедел от жасалды. Денесіне, аяқ-қолына, кеудесіне және ішіне оқ тиген. Бірінің ішегі мен асқазанында жарақат бар. Ішіне бір жарым литр қан ұйып қалған. Жаралар тігілді. Қазір ол жансақтау бөлімінде, тыныс алу аппаратына қосылған", - дейді облыстық аурухана директорының орынбасары Мұхаметжан Нұрғазиев.  

Екінші науқас тыныстандыру аппаратынан ажыратылды, ол есін жиған. Ішек жарақаты бар үшінші жігіт қан айналдыратын аппаратқа қосылған.  Куәгерлердің сөзінше, атыс кезінде бірнеше адам мерт болған. Ішкі істер департаментінің өкілдері бұл ақпаратты растаған да жоқ, жоққа да шығарған жоқ. "Қазіргі кезде жедел іздеу шаралары жүріп жатыр. Істің өзге тұстары тергеуге бөгет болмас үшін айтылмайды", - деді ведомство өкілдері.

Дереккөз: Тengrinews.kz 

18 шілде 2017, 14:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.