Атырау, 17 мамыр 06:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Хакерлік шабуылдардан қорғайтын «Киберқалқан» жүйесі құрылады

2 204 просмотра


Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының Сыртқы істер министрлер Кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.kz ақпарат агенттігі.

Сыртқы саяси ведомстволар басшыларының отырысы барысында жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, сондай-ақ Беларусьте жылдың екінші жартысында жоспарланған ҰҚШҰ Саммитінің мерейтойына дайындық талқыланды.

Қ. Әбдірахманов өз баяндамасында Қазақстан негізінде трансұлттық сипаттағы қазіргі сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы күрес бойынша біріккен шараларға зор маңыз беретінін атап өтті. Ол киберқауіпсіздік және ақпараттық технологияларды заңсыз пайдалану мәселелеріне айрықша көңіл бөлді, сонымен қатар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанда әртүрлі ауқымдағы хакерлік шабуылдардан қорғау мақсатында құрылатын «Киберқалқан» жүйесі туралы айтты.

Бұл тұрғыда сыртқы саяси ведомство басшысы компьютерлік тосын оқиғаларға ден қою бойынша ҰҚШҰ Үйлестіру консультациялық орталығының қызметін жандандыруды, сондай-ақ стратегиялық объектілердің қорғалу деңгейін жоғарылату үшін жаңа зерттемелер бойынша тәжірибелер, ақпараттар алмасуда сарапшылармен іс жүзінде өзара іс-қимыл жасауды жолға қоюды ұсынды.

Дереккөз: BAQ.kz

18 шілде 2017, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.