Атырау, 17 мамыр 07:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Ақтөбеде қыз алып қашпақ болған екі жігіттің соты басталды

2 318 просмотра

Көрнекі сурет
Ақтөбеде қыз алып қашпақ болған екі жігіттің соты басталды деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот дерегінше, оқиға 2017 жылы 14 маусым күні Ақтөбедегі орталық базардың жанында болған. Тергеу материалдарына қарағанда, сөз байласқан қалыңдығымен той алдында келіспей қалған жігіт орталық базар маңында кетіп бара жатқан бейтаныс қызды ұрлап әкетпек болған.

«Тойға әзірленіп жатқан туыстарының алдында ұятқа қалмау үшін 1996 жылғы ақтөбелік адам ұрлауға оқталған. Ол үшін сыбайлас досы екеуі 4 мың теңгеге келісіп, Хромтау қаласына дейін такси жалдайды. Алайда такси жүргізушісі екі жігіттің адам ұрлау туралы пиғылынан хабарсыз болған» дейді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Алғашқы сот мәжілісіне келген жәбірленуші өзін орталық базардың күзетшілері құтқарып қалғанын айтқан.

Күдікті екі адамға қылмыстық кодекстің 125-бабының 2-бөлігі 1-тармағы («адам ұрлауға оқталу») бойынша айып тағылған.

Сот процесі 21 шілде күні жалғасады.

Дереккөз: Азаттық


18 шілде 2017, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.