Атырау, 22 желтоқсан 09:51
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Сингапурда пара бермек болған Қазақстан азаматы сотталды

1 301 рет қаралды


Сингапурда пара бермек болған Қазақстан азаматшасы қамауға алынды деп хабарлайды The Straits Times ақпарат көзі

26 жастағы Қазақстан азаматшасы Елена Калугинаны Сингапур соты инспектор Лу Хун Юэге 2150 доллар көлемінде пара бермек болғаны үшін 4 аптаға түрмеге жапқан. Сингапур сотының мәліметінше, жергілікті полиция инспекторы Лу Хун Юэ мен Ксавье Сео Хун Royal қонақ үйіне заңсыз виза пайдаланған Калугинаның бөлмесін тексеру үшін барған. Сол сәтте Елена Калугина Лу Хун Юэ мен Ксавье Сео Хунға өзін босатуын сұрап, 2150 доллар көлемінде пара ұсынған. Бірақ полиция қызметкерлері парадан бас тартып Калугинаны бөлімшеге алып келген. 

Сингапур заңы бойынша пара ұсынған адамға 100 000 доллар көлемінде айыппұл салынады немесе 5 жылға бас бостандығынан айырылады. Бірақ Калугинаға Сингапур соты жеңілдік жасап тек 4 аптаға қамауға алуға үкім шығарған.

Дереккөз: qazaqtimes.com 

18 шілде 2017, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.