Атырау, 22 желтоқсан 09:46
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Жыл басынан бері 11 мыңға жуық қазақстандық елден кеткен

2 194 рет қаралды


2017 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстанға тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2016 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 36,3%-ға көбейіп, 7 204 адамды құрады. 

Ал елден кеткен көшіп-қонушылардың саны 4,0% көбейіп, 10 975 адамды құраған. Бұл туралы ҰР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстандағы негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болып отыр. 

Министрліктің мәліметінше,  ТМД елдерінен келгендердің үлесі 68,9% болса, ТМД елдеріне кеткендердің үлесі 87,7% құрады. Мысалы 2016 жылдың қаңтар-мамыр айында ТМД-дан келгендер саны 3932 адам болса, биыл 4962 адам келген. Ал кеткендер саны екі есеге көп. Өткен жылдың 5 айында 9323 адам кетсе, биыл 9620 адам елден кеткен. 

Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне келер болсақ, олардың саны 34%-ды кұрады. Мысалы Астана қаласына 20 647 адам, Алматыға 9 698, Ақмола облысына 1 459, Алматы облысына 181 адам көшіп барған. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 

17 шілде 2017, 15:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.