
Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметінің өкілдері қоқыс жәшігінен табылған нәресте туралы жаңа деректерді айтып берді. Ресми ақпарат бойынша, қыздың денесі зорлықпен өлтіру іздерінсіз табылды.
"Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сарапшының алғашқы қарауы зорлықпен өлтірудің анық іздерін байқаған жоқ. Сараптамалар тағайындалды. Қазіргі кезде полицейлер болған жайтты анықтап жатыр", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.
Сонымен қатар, әлеуметтік желіде нәрестенің анасы ұсталды және ол баласын сіркесу қышқылы арқылы өлтірді деген сыбыс таралып жатыр. Бұл шындыққа сай емес.
Дереккөз: Tengrinews.kz
В Атырау 0