Атырау, 22 желтоқсан 07:47
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Атырау» қатарынан үшінші рет жеңілді

2 359 просмотра


15 шілдеде футболдан ел чемпионатының 20-турында «Атырау» қызылордалық «Қайсар» командасымен сырт алаңда ойнады.

Сергей ПАВЛОВТЫҢ жасағы ескі танысына қонаққа келді. Өткен жылдан бері «Қайсарға» «Атыраудың» бұрынғы бапкері Стойчо МЛАДЕНОВ басшылық етеді. Алайда көп кешікпей ойын басталғаннан кейін алаңда достықтың болмайтыны түсінікті болды. Алаң иелері қарсыластардың қақпа маңына еш қиындықсыз орнығып алды да, тегеурінді шабуыл жасады. Алғашқы минуттарда-ақ жылдамдыққа шыдай алмаған жартылай қорғаушы Алтынбек САПАРОВ жарақат алып, алаңнан кетті. Оның орнын  орталық қорғаушы Дәурен МӘЖИТОВ алмастыруға мәжбүр болды. Соған орай, Павловқа матч барысына қарай тактиканы өзгертуге тура келді. Бұл жаман болмады. Ақ-жасылдар ойынды өз қақпаларынан ығыстырып, екі-үш гол соғуға қолайлы сәттерге қол жетізді. Алайда гол салудың орнына, қапы қалды: 33-минутта бұрыштамадан шығарылған допты «Қайсар» қорғаушысы Иван ГРАФ қақпаға бағыттады.

Екінші таймда «Атырау» жақсы ойын көрсете алмады. Тек Әлішер СҮЛЕЙ шыққаннан кейін шабуыл анағұрлым көңілдірек бола бастады. Бірақ қонақтар есепті теңестіре алмады. Тек қосымша берілген уақытта тағы бір голды жіберіп алды: Қуаныш ҚАЛМҰРАТОВ өзінің айып алаңынан Франке ДЖЕДЖЕГЕ қарсы ереже бұзып, Матиас КУРЬОР пенальтиден гоп соқты. Нәтижесінде есеп: 0:2. Бұл біздің командамыздың үшінші жеңілісі. «Атырау» келесі матчын 23 шілдеде «Қайратпен» сырт алаңда ойнайды. 

Марат ТАКУЛИН

17 шілде 2017, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.