
2012 жылы судья шешім шығарғаннан кейін бес баланың анасы Светлана Тұрғанбаева өзін өртеген болатын. "Алдын ала тыңдау адвокаттың келмеуіне байланысты кейінге қалдырылды. Өмірзақ Серімов ҚР ҚК-нің 1997 жылғы редакциясындағы 307-баптың 4-тарауы және 350-баптың 2-бабы бойынша айыпталып отыр", - деп жауап берді Амлатының Соттар әкімшілігінің ақпаратпен қамсыздандыру бөлімінің жетекшісі Диас Махамбетов Tengrinews.kz сауалына.
Айып актісі бойынша, Өмірзақ Серімовке 2009 жылы заң жүзінде некеде барын анықтау туралы іс келіп түскен. Әйел адам бірнеше жыл азаматтық некеде болған ер адам көз жұмғаннан кейін үйді мұралыққа алғысы келген. Судья некені заңды деп таныған. Марқұмның інісі болған жайтты білгеннен кейін 2010 жылы Алатау аудандық сотына шешімді жоққа шығару туралы өтініш берген. Ол өзін жалғыз мұрагер екенін айтқан. Бірақ оның өітініші қабылданбады да, әйел адам үйді өз атына аударды. Кейін ол әйел үйді бес баланың анасы Светлана Тұрғанбаеваға 4,4 миллион теңгеге сатқан. Кейін судья неке туралы шешімін жоққа шығарған.
Осылайша, әйелдің мұрагерлігі және үйді сатып алған Тұрғанбаеваның келісімі жоққа шығарылды. Сот Светлана Тұрғанбаеваны үйден шығару туралы шешім шығарады.
"2012 жылдың 24 мамырында Тұрғанбаеваны үйден шығару туралы шешімді орындау кезінде әйел өзін өртеу актісін жасады, соның салдарынан 2012 жылдың 29 мамырында көз жұмды", - делінген айып актісінде.
2013 жылдың 3 маусымында марқұм әйелдің балалары Алатау ауданының бұрынғы судьясы Өмірзақ Серімовты жазалауды сұраған.
Дереккөз: Tengrinews.kz
В Атырау -4