Атырау, 22 желтоқсан 09:30
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қостанайда 13 жастағы қызды азғырған жігіт сотталды

3 931 рет қаралды

Көрнекі сурет. Фото: АиФ
Қостанай облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында Қостанайдың 19 жастағы тұрғыны сотталды.

Іс материалдары бойынша, 19 жастағы жігіт жасөспірім қызбен кездесіп жүрген. Олардың арасында интимдік қарым-қатынас болған. Сот отырысы барысында мемлекеттік айыптаушылар істі "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау, бірнеше рет жасалған іс-әрекеттер" бабы бойынша жүргізілген. Қостанай ІІБ полицейлері сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізді. Бұл туралы Қостанай облыстық прокуратурасы басқарма басшыны Қайрат Жүсіпов хабарлады. 

Сот үкімімен 19 жастағы қостанайлық кінәлі деп табылды. Ол он жылға бас бостандығынан айырылды және кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Дереккөз: Тengrinews.kz 


14 шілде 2017, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.