Атырау, 20 сәуір 09:41
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

БҚО-да 101 млн теңге пара алған Мемлекетік кірістер департаментінің бөлім басшысы ұсталды

2 518 просмотра


Батыс Қазақстан облысында ірі көлемде пара алған бөлім басшысы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

«13 шілде күні Батыс Қазақстан облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаменті жалған кәсіпкерлік фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін және ары қорғаншылық жасау үшін 25 млн теңге көлемінде параның соңғы бөлігін алғаннан кейін БҚО бойынша МКД ЭТҚ Қаржы саласындағы құқық бұзушылықты тергеу басқармасы Заңсыз ұйымдарды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы Н.М. Урналиевті ұстады. Параның жалпы сомасы 101 млн теңгені құрайды», делінген хабарламада. 

Күдікті Орал қаласы ІІД-нің Уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. 

Дереккөз: ҚазАқпарат


14 шілде 2017, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.