
Алматыда қыз балалардың сырғасын ұрлаумен айналысып келген қыз ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19 жастағы бойжеткен қазір уақытша қамау орнында отыр.
«Азаматша ойын алаңындағы балалардың арасынан қыз балаларды тауып алып алдайды екен. Олармен сөйлесіп, құлақтарындағы сырғасын, алқасын шешкізіп алып тайып отыратын болған. Осылайша күдікті 4 баланы алдап соққан», - деді Әуезов аудандық ІІБ басшысының орынбасары Құмарбек Кеншінбаев.
Оның айтуынша, күдікті Алатау ауданында осыған ұқсас алаяқтық әрекеті үшін бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
В Атырау 0