Атырау, 22 желтоқсан 11:08
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде Lexus екі адамды қағып кетті

2 690 рет қаралды


Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі адамды шетел көлігі қағып кетті, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Көлікті әйел адам басқарған.

Жол апаты "Алматы-Арена" мұз кешеніне қарсы Момышұлы көшесінде орын алды. Көзбен көрушілердің сөзіне қарағанда, Lexus GS 330 Момышұлы көшесінің бойында оңтүстік бағытта үріп келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі адамды байқамай қалған. 

Соққы салдарынан 1962 жылы туған ер адам ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Екінші жаяу жүргінші – аяғынан жарақат алған бойжеткен "жедел жәрдем" дәрігерлерінің тексеруінен кейін ауруханаға барудан бас тартты. 

Барлық мән-жайды Алматы полициясы анықтайтын болады.

Дереккөз: Sputnik

10 шілде 2017, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.