Атырау, 19 мамыр 23:56
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Министр: Қазақстан мұнай өндіру көлемін бұдан ары азайта алмайды

2 420 просмотра


Қазақстан мұнай өндіру көлемін азайту туралы ОПЕК-пен (мұнай өндіруші елдер ұйымы) жасалған келісімнен біртіндеп бас тартуды қолдайды деп мәлімдеді Қазақстан энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа (суретте) сілтеме жасаған ТАСС агенттігі.

Стамбулда өтіп жатқан Дүниежүзілік мұнай конгресінде журналистер сұрағына жауап берген Бозымбаев ОПЕК-пен жасалған келісімнен өндіріс көлемін арттыру арқылы бір-екі айда шығуды қолқайтынын айтты.

Бозымбаевтың сөзінше, Қазақстан жалпы алғанда ОПЕК-пен жасалған мұнай өндіу көлемін азайту туралы келісімді орындап отыр және Қазақстан үшін бұдан ары өндіріс көлемін азайту қиын. Министр ресми Астана келісімді ұзарту қажеттігіне қатысты ұстанымын айқындамағанын білдіріп, бұл мәселенің қарашада өтетін ОПЕК-тің кезекті саммитінде қаралатынын айтты.

Қанат Бозымбаев Қазақстан биыл жылдық жоспарды асыра орындап, 81 миллион тоннадан астам мұнай өндіретінін жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстан биыл 81 миллион тонна мұнай өндіруді жоспарлаған.

25 мамырда Венада ОПЕК елдері мен оған кірмейтін мұнай өндіруші басқа да елдер бұған дейінгі мұнай өндіру көлемін азайту келісімінің мерзімін тоғыз айға - 2018 жылдың наурызына дейін ұзартуға келіскен. Келісімге қол қойған елдер тәулігіне өндірілетін жалпы мұнай көлемін 1,8 миллион баррельге азайтты.

Астана мамырдың соңында ОПЕК елдері мен оның құрамына кірмейтін мемлекеттердің өндіріс көлемін азайту мерзімін ұзарту туралы келісімін қолдаған еді.

Министрлік Қазақстан осы келісім бойынша өзінің күндік өндіріс көлемін 20 мың баррельге азайту туралы міндеттемесін орындай беруге ниетті екенін мәлімдеген.

Қазір мұнай баррелі 50 доллардан саудаланып жатыр. Бұл баға 2016 жылдың басындағы 30 доллармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары, дегенмен 2014 жылғы бағадан екі есеге төмен.

Дереккөз: Азаттық

10 шілде 2017, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.