Атырау, 20 мамыр 02:42
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Бүгін Шымкентте Тоқтар Төлешовке қатысты тағы сот басталады

1 744 просмотра


Бүгін Шымкентте Тоқтар Төлешов пен тағы 8 адамға қатысты сот отырысы басталады. Еңбекші аудандық сотында түрмеде жазасын өтеп жатқан сыра зауытының бұрынғы қожайыны экономикалық қылмыстар жасаған деп айыпталуда. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Белгілі болғандай, Тоқтар Төлешовке Қылмыстық кодекстің қаржылық және экономикалық қылмыстарға қатысты баптары бойынша айып тағылмақ.   Атап айтқанда, ол «Шымкент пиво» ЖШС-нің негізін қалаушы, «Дархан GROUP» ЖШС-нің бас директоры, «Лаңкестік қауіп талдау орталығының» ҚР тәуелсіз коммерциялық ұйымының мемлекеттік басшылығы қызметтерін атқарып жүріп, салықтан жалтарған, қаржылық және бухгалтерлік есепте жалған мәліметтер көрсеткен, сондай-ақ аса ірі көлемде пара бергені үшін сотталмақ. 

Облыстық соттың баспасөз қызметі берген мәліметке қарағанда,  сыра зауытының бұрынғы қожайынына Қылмыстық кодекстің 245-бабы, 2, 3 бөлігі (Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiтөлеуден жалтару, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекет), 28-баптың 2,3 бөлігі, 2-тармағы (Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi), 222-баптың 2,3 бөлігі (Салық төлеушінің салық берешегі шотына билік                    ету шектелген мүлікке қатысты заңсыз іс-әрекеттері), 241-баптың «а», «б» тармағы (Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу), 312-бап 4-бөлігінің «а», «б» тармағы (Пара беру), 367-баптың 3 бөлігі 1,3 тармақтары бойынша айып тағылмақ. Сот отырысында Төлешовке осы қылмыстар жасауға қолғабыс еткен тағы 8 адам да айыпталушылар қатарын толықтырады.

Олардың қатарында: Лукина С.В -  «Шымкентпиво» ЖШС-нің  бас есепшісі қызметін атқарып жүріп, Қылмыстық кодекстің 245-бабының  3-бөлігі (Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе)бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтару, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекет), 312-бабы 4-бөлігінің «а», «б» тармақтары, 367-бап 3-бөлігі 1,2,3-тармақтары бойынша; Аллакулиева О.В - «Шыны зауыты Дархан» ЖШС-нің бас директоры қызметін атқарып жүріп, Қылмыстық кодекстің 245-баптың  3 бөлігі (Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiтөлеуден жалтару, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекет) бойынша; Умаров К.Д - «Умаров» жеке кәсіпкерлік қызметін атқарып жүріп, 28 баптың 5 бөлігі, 2 тармағы (Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi),  245 баптың  2 бөлігі (Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе)бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiтөлеуден жалтару, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекет), 241 бап (Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу) бойынша; Носков А.А - «Шымкентпиво» ЖШС-і  директорының  орынбасары қызметін атқарып жүріп, Қылмыстық кодекстің 28 баптың 5 бөлігі, 2 тармағы (Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi), 245 баптың  2 бөлігі (Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiтөлеуден жалтару, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекет) бойынша айыпталуда. 

Айыпкерлер қатарында тағы мемлекеттік қызметкерлер де бар. Олар: Бексеитова Г.Ш -  Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы қызметін атқарып жүріп, Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 3-бөлігі 2-тармағы (Пара алу), 366-бабы, 3-бөлігінің 2,4-тармақтары (Пара алу), 361-баптың 2-бөлігі (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) бойынша; Мұсаев М.Т - Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы қызметін атқарып жүріп, Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 3-бөлігі 2-тармағы (Пара алу) бойынша; Каракоджаев Н.К - Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы қызметін атқарып жүріп, Қылмыстық кодекстің  331 баптың 4 бөлігі, «в» тармағы (Пара алу), 366- баптың 6-бөлігі 4-тармағы (Пара алу), 366 баптың 3 бөлігі 3,4-тармағы (Пара алу), 366-баптың 3-бөлігі 4-тармағы (Пара алу) бойынша; Алдабергенов С.Б - Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бөлім басшысының орынбасары қызметін атқарып жүріп, Қылмыстық кодекстің  366-бабы, 3-бөлігі 2 тармағы (Пара алу) бойынша көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған деп айыпталуда. 

Айта кетейік, сот отырысында істі Еңбекші аудандық сотының судьясы Мырзалы Жорабаев қарайды деп күтілуде. Әрі сот ашық түрде болады деп жоспарланған. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

10 шілде 2017, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.