Атырау, 22 желтоқсан 11:08
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қостанай облысында 1500-ге жуық бас қой қойшысымен бірге өртеніп кеткен

1 736 рет қаралды


Қостанай облысында 1 500 қой қойшысымен бірге өртеніп кеткен, - деп хабарлайды "24 Хабар".

Оқиға Жангелдин ауданының Көкалат ауылынан 30 шақырым жерде болған. Алдын ала болжам бойынша өрт жай түскеннен тұтануы мүмкін. Қырылған мал «Айдос» жеке шаруашылығына тиесілі. Отарды оттан алып қалуға ұмтылған шопан да қызыл жалынның ортасында қалып қойған.

«Марқұм болған қойшының артында сегіз баласы қалды», – дейді жергілікті тұрғындар. 

Албарбөгет ауылдық округінің әкімі Дастан Абдуллиннің айтуынша, өрт салдарынан 1406 бас ұсақ мал шығын болған. Қазір апат орнында құзырлы орын өкілдері төтенше жағдайдың себеп салдарын анықтаумен айналысып жатыр.

Дереккөз: 24 Хабар

10 шілде 2017, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.