Атырау, 22 желтоқсан 07:53
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

2 926 просмотра

КҮРЕС

2000-02 жылғы жасөспірімдер арасында Қазанда өткен «Достық кубогы» Бүкілресейлік турнирінде еркін күрестен облыс құрамасы керемет нәтижеге қол жеткізді.

Сайысқа Ресейдің бүкіл өңірінен және бұрынғы бірнеше кеңес одағы республикаларынан талантты жас палуандар қатысты. Бәсекелестік өте жоғары болды.

Атыраудан Олимпиадалық даярлау орталығының (ОДО) алты шәкірті қатысты, оның бесеуі алқа алды. 63 келіге дейінгі салмақта Әлфараби Ақжігітов алты жекпе-жектің бәрінде жеңіске жетіп, турнир жеңімпазы атанды. «Күміс» Бекзат Жалғасов  (69 кг дейін) пен Жастілек Шамардановқа (74 кг дейін), «қола» Мейірбек Сатаев (46 кг дейін) пен Талап Жолдасовқа (58 кг дейін) бұйырды. Әлфараби «Үздік техникасы үшін» жүлдесіне ие болды. Спортшыларды А.Жаманбаев, А.Лекеров пен Т.Исламғазиев дайындады. Спортшылар мен олардың бапкерлері облыстық спорт басқармасының басшысы А.Бекет пен «Атырау» ОДО директоры М.Жанғалиевқа сайысқа қатысу сапарын ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді.

***

КӨПСАЙЫС

Ақтөбеде ҚР президенттік көпсайыс федерациясының қолдауымен дене тәрбиесі мұғалімдерінің арасында үшсайыс бойынша ел тарихындағы тұңғыш чемпионат өтті.

Сайыс бағдарламасында қысқа және ұзақ қашықтықта кросстар, кір тасы спорты болды. Турнирге 11 өңірден жүзден астам дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері қатысты. Атырау құрамасында алтын алқа алған Раушан Ибраева (30-39 жас) мен қола алқа иеленген «Барыс» БЖК директоры Рашид Мусин (50-59 жас) ерекшеленді.

***

КАРАТЕ

Хорватияның Умаг қаласында WKF-карате бойынша Х Жастар әлем Кубогы өтті. ҚР құрамасында «Қайсар» спорт клубының шәкірті Әбілмансұр Батырғали 63 келіге дейінгі салмақта «алтын» иеленді.

– Біздің спортшымыз өзінің барлық бәсекелестерін жеңіп шықты. Соның ішінде, төрешілерге титтей де күмән қалдырмай, атақты спортшылардан үстем түсті. Осылайша ел құрамасының бапкерлер құрамын таң қалдырып, қатты қуандырды, - дейді «Қайсар» клубының жетекшісі Айбат Рахман. 

Әлем кубогындағы бүкіл жекпе-жекті Әбілмансұр «құрғақ» есеппен аяқтады, ал олар бесеу еді. Тек Италия өкілімен финалдық жекпе-жекте ол бәсекелесіне бір балл алуға мүмкіндік беріп, жекпе жекті 5:1 есебімен аяқтады.

***

ВОЛЕЙБОЛ

Қытайдың Ханчжоу қаласында волейболдан мүгедек спортшылар арасында Азияның лицензиялық чемпионаты өтті. Турнир финалистері 2018 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды.

Базалық клубы «Атырау» болып табылатын ҚР құрамасы төрт рет жеңіске жетіп, Иран құрамасынан бір жеңіліс тапты. Нәтижесінде команда күміс медальдар мен алдағы әлем чемпионатына қатысу үшін лицензия алды. 






6 шілде 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.