Атырау, 19 мамыр 07:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«ЕАЭО-ШЫҰ-ЕО» ынтымақтастығын дамыту қажет - Нұрсұлтан Назарбаев

1 523 просмотра


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, интеграциялық ұйымдардың арасында ытымақтастық байланыстарын орнатудың арқасында экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәселен, Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытайдың бір белдеу бастамасы бір-бірін толықтыра алады. Соның арқасында тұтас бір аймақтардың жаңа мүмкіндіктерін ашуға мүмкіндік бар. Орталық Азия да одан тыс қалмайды. Бүгінде Еуразиялық экономикалық одақ, Шанxай ынтымақтастық ұйымы мен Еуропалық одақ арасында сауда-экономикалық байланыстарды нығайту қажет. Мен ол туралы талай рет айтқанмын. Аталған үш интеграциялық ұйымның ынтымақтастығын дамытуға қажетті барлық жағдайлар бар. Меніңше, дәл осы ынтымақтастықтың болашағы зор. Ерте ме, кеш пе, біз оған келеміз. Себебі ондай байланысты бәріміз үшін тиімді болып тұр», - деді Назарбаев бүгін Ақордада өткен кездесуде. 

Мемлекет басшысы жаңа ынтымақтастықты «Еуразияның сәті» деп атады. Ал орталық Еуразия сол ынтымақтастықтың қозғаушы күші болуы қажет. 

«Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары кеңесі Еуразияның қауіпсіздігіне өз үлесін қоса алады. Қазіргі кезде аталған ұйымға 26 мемлекет кіреді», - де атап көрсетті Елбасы. 

Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде тіркелген дипломатиялық миссиялар мен xалықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Елбасы барлық елшілерді дипломатиялық қызмет күнімен құттықтап, 25 жылдың ішінде Қазақстанның 182 мемлекетпен байланыс орнатқанын, сондай-ақ 57 елшілік ашқанын жеткізді. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

3 шілде 2017, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.