Атырау, 19 мамыр 04:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстанда 2017 жылғы алғашқы алты айда инфляция 3,7% құрады

1 628 просмотра


Қазақстан Республикасында 2017 жылғы қаңтар-маусымда инфляция 3,7%-ды құрады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі. 

Маусым айындағы инфляция 0,4% болған. Ал, азық-түлік тауарларының ағымдағы жылғы бағасы алты айда (2016ж. желтоқсан мен 2017ж. маусым аралығы) 5,1%, азық-түлік емес тауарларына - 3%, ақылы қызметтерге - 2,8%-ға өсті. Ағымдағы жылдың басынан (2016ж. желтоқсан мен 2017ж. маусым аралығы) картоп бағасы 77,3%, жаңадан жиналған көкөністер - 15,6%, қой еті - 10,7%, сиыр еті - 9%, жаңадан жиналған жемістер - 7,9%, консервіленген сүт - 6,4%, сары май - 5,6%, жылқы еті - 4,6%, кондитерлік өнімдер - 4,3%, мәйекті ірімшік - 3,8%-ға өскен. Ал қиярдың бағасы 58,7%, қызанақ - 28,7%, жұмыртқа -27%, қарақұмық жармасы - 13,4%, күнбағыс майы - 6,6%, қант - 1,8%-ға арзандаған. 

Автомобильдер бағасының өсімі 4,7%, шыны және қыштан жасалған өнімдер - 4,6%, тоқыма бұйымдары - 3,4%-ға, жеке қолданатын тауарлар, тұрмыстық аспаптар - 2,9%, фармацевтикалық өнімдер, газеттер, кітаптар және кеңсе тауарлары - 2,8%, жиһаз және үйге қажетті заттар - 2,5%, жуғыш және тазалағыш құралдар 2,4% қымбаттаған. 

Дизель отыны 6,6%, баллондағы сұйытылған газ - 5,8%, бензин - 5,4%-ға қымбаттады. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәрізге 7,4%, орталықтан жылытуға - 7,3%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға - 4,2%, ыстық суға - 3,8%, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 3,5%, электр энергиясына - 3,2%, суық суға - 2,4%-ға жоғарылады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

3 шілде 2017, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.