Атырау, 22 желтоқсан 13:05
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Атырауға» бейнежазба жетіспеді

2 656 просмотра


1 шілдеде футболдан ел чемпионатының 18-турында «Атырау» «Оқжетпеспен» (Көкшетау) сырт алаңда ойнады.

Бірінші меймандар нағыз қауіпті сәт тудырды: 12-минутта оң жақ қапталдан Эльдар АБДРАХМАНОВТЫҢ берген добын Новица МАКСИМОВИЧ жоғары теуіп, қақпаға сала алмады. Осыдан кейін алаң иелері «Атыраудың» қақпасын қоршап алды. Тек 37-минутта жартылай қорғаушы Тимур ДОСМАҒАМБЕТОВ айыппұл алаңының сызығынан доп соқты, алайда Андрей ПАСЕЧЕНКО әдемі қарғып, допты қағып алды. 

Екінші таймда «Оқжетпес» өкінішке орай, салмақты қарсылық көрсете алмаған меймандарға қысым жасауды жалғастырды.  55-минутта форвард Александр КОЗЛОВ рұқсат етілген керемет пастан кейін Пасеченкомен бетпе бет келіп, еш қиындықсыз қақпаға доп салды. Есеп 1:0. «Атырау» қорғаушылары арбитрге офсайд туралы дабыл қаққанмен, бұдан ештеңе шықпады. Ал бейнежазбаны қайталап көрсететін әлемдік тәжірибеге жетуге бізге әлі ерте еді.

Жіберілген голдан кейін ақ-жасылдарға алға қарай жүгіруден басқа ештеңе қалмады. Бірақ бұл күні олардың қолдарынан ештеңе келмеді.  Қосымша берілген уақыттан Қуаныш ҚАЛМҰРАТОВТЫҢ пасынан кейін Әбдірахманов қақпаның оң жақ бұрышына доп салып, есепті теңестіре алар еді. Бірақ қақпашы допты шеберлікпен тойтарып тастады. Осыдан кейін бірден финал ысқырығы естілді.

Осы матчтан кейін «Атырау» турнирлік кестеде екі жолға төмен түсіп, 9-орын алды. Келесі кездесуді 8 шілдеде кестедегі көршілес «Тараз» командасымен өз алаңында өткізеді.

Марат ТАКУЛИН

2 шілде 2017, 19:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.