Атырау, 19 мамыр 08:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Алматыдағы допингке қарсы зертхана WADA аккредитациясынан айырылды

1 810 просмотра


WADA Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттігі Алматыдағы (Қазақстан) және Блумфонтейндегі (Оңтүстік Африка Республикасы) допингке қарсы зертханаларды аккредитациясынан айырды , - деп хабарлайды Vesti.kz ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

Екі зертханада ISL халықаралық стандарттарға сәйкес емес деп танылды. Сондай-ақ, зертханалардың техникалық құжаттары да дұрыс емес екендігі белгілі болды. Айта кетейік, 2016 жылдың маусымында WADA Алматыдағы допингке қарсы зертхананың жұмысын төрт айға тоқтатып, кейіннен 2017 жылдың 24 сәуіріне дейін ұзартқа болатын. 

Ал Оңтүстік Африкадағы зертхананың жұмысы 2016 жылдың мамыр айында бес айға уақытша тоқтатылып, 2017 жылдың 30 наурызына дейн ұзартылған еді. Басылымның мәліметінше, зертханалар бұл шешімге 21 күн ішінде шағым түсіре алады.

Дереккөз: Vesti.kz


1 шілде 2017, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.