Атырау, 5 мамыр 14:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +11
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Сарапшылар EXPO көрмесіне қанша қаражат жұмсалғанын есептеді

1 645 просмотра


Сарапшылар EXPO көрмесіне қанша қаражат жұмсалғанын есептеді, - деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары. Сонымен, Қазақстан 5 жыл ішінде EXPO 2017 көрмесіне 565,1 миллиард теңге немесе 2,1 миллиард доллар бөлген. 

Сарапшылар Қаржы министрлігінің мәліметтеріне сүйене отырып, көрмені өткізуге 2016 жылы мемлекеттік бюджеттен 267,2 миллиард теңгенің бөлінгенін айтады. Ал 2015 жылмен салыстыратын болсақ, ол кезде көрмеге 154,2 миллиард теңге бөлінсе, 2017 жылы 77,3 миллиард теңге бөлінген. 

"EXPO 2017 көрмесіне республикалық бюджеттен 2013 жылы - 20,3 миллиард, 2014 жылы - 46,1 миллиард, 2015 жылы - 154,2 миллиард, 2016 жылы - 276,2 миллиард, 2017 жылы - 77,3 миллиард теңге бөлінді. 2016 жылы бюджет шығындарының рейтингінде EXPO көрмесі 13-орында тұр", - дейді сарапшылар. 

Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, еліміздегі әрбір салық төлеушінің үлесі 66 мың теңге болған. Осылайша, EXPO көрмесі еліміздегі Отын энергетикалық кешенін дамыту қорына жиналған қаражаттан 30 миллиард теңгеге көп ақша жиналған.

Халықаралық рекордтар жайлы айтатын болсақ, сарапшылардың айтуынша, ең қымбат EXPO көрмесі 2010 жылы Қытайдың Шанхай қаласында (60 миллиард доллар) өткізілген. Ал 2015 жылы Миланда өткізілген көрмеге 3,6 миллиард доллар жұмсалған.

Дереккөз: Тengrinews.kz 


30 маусым 2017, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.