Атырау, 5 мамыр 14:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +11
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Қазақстан депутаттары жазғы демалысқа шықты

2 271 просмотра


Қазақстанның алтыншы шақырылымдағы Парламенті екінші сессиясын аяқтады. Бұл туралы Мәжіліс пикері Нұрлан Нығматулин палаталардың біріккен отырысы кезінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бүгін екі палаталы Парламенттің - заң шығарушы жоғары төрағалық органның кезекті сессиясын аяқтадық. Қай кезеңде болса да, біздің халық үшін заң ерекше орында. Парламенттің алтыншы шақырылымындағы екінші сессиясы тарихи кезеңде өтті десе де болады. Бастысы Елбасымыз негізін салған тәуелсіз Қазақстанға 25 жыл толып отыр. Халықта елу жылда ел жаңа деген сөз бар, ал 25 жылда барлық қиыншылықты жеңіп, дамыған елдер қатарына қосыла алдық. Бұл Елбасының көреген саясаты мен халық бірлігі арқасында болды", - дейді Нығматулин.  

Мәжіліс спикері тәуесіздіктің 25 жылдығына арналған Декларация, конституциялық реформалар қабылданғанын еске салды. 

Оның айтуынша, екінші сессия кезінде Парламенттің 6 бірлескен, Мәжілістің 38 пленарлық және Сенаттың 25 пленарлық отырысы өтті. Парламент қарауына 111 заң ұсынылған. 84 заң қабылданды, оның ішінде 15 заң жобасын депутаттар бастамасымен жасалды. Парламент қабылдаған 66 заң Президент қол қойып, заңды күшіне енді. 

"Парламент сыртқы саясатты, халықаралық байланыстың дамуына бағытталған көптеген халықаралық келісімді ратификациялады", - деп атап өтті спикер.  Депутаттар дауыс бергеннен кейін Нұрлан Нығматулин Парламенттің екінші сессиясы жабылғанын жария етті.

Дереккөз: Tengrinews.kz

30 маусым 2017, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.