Атырау, 14 қаңтар 18:12
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Жекпе-жек 12 раундқа созылмайды, Головкинді сөзсіз нокаутқа түсіремін - Альварес

2 001 рет қаралды


Екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы Сауль "Канело " Альварес 16 қыркүйектегі жекпе-жекте қазақстандық Геннадий Головкинді нокаутқа түсіретінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Жекпе-жек 12 рауындқа созылмайды-ау. Ол жекпе-жектің аяғына дейін шыдамайтынына кепіл беремін. Кездесу нокаутпен аяқталады. Мен Голвкинді сөзсіз нокаутқа түсіремін", - дейді Альварес TMZ.com басылымына берген сұхбатында. 

Мұның алдында мексикалық боксшы жеңісіне сенімді болғандықтан Головкинмен бір ғана жекпе-жек өткізетінін айтқан. Алайда келісімшартта Альварес қана пайдалана алатын қарымта кездесу туралы тармақ бар.  

Сонымен бірге, "Канело" қазақстандық боксшының мексикалық стилі барын айтқан. Оның пікірінше, бұл олардың жекпе-жегі үшін ұтымды жайт. Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтетін жекпе-жекте Головкин WBA (Super), WBC, IBF және IBO атақтарын қорғайтын болады.  Ал Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Головкин-Альварес жекпе-жегіне арнайы белбеу жасады. Алайда мексикалық бұл ұйымның белбеуіне таласы жоғын осының алдында айтқан.

Дереккөз: Vesti.kz

29 маусым 2017, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.