Атырау, 30 сәуір 18:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +13
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

Алматыдағы "Альфа банк" бөлімшесінен шамамен 65 миллион теңге тоналған

1 681 просмотра


Алматы қалалық ІІД өкілдері 27 маусымда Сәтбаев көшесі, №27 үйде орналасқан "Альфа банк" бөлімшесінен қанша қаражаттың тоналғанын айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ірі көлемдегі қаражат тоналды, шамамен 65 миллион теңге", - деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Полициядағылар тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәліметтерді айтпады. 

Осыған дейін прокуратура Алматыдағы "Альфа банк" бөлімшесінің тоналғанын растаған болатын. "Альфа Банк" ресми түрде зардап шегіп отыр. Тонау дерегін аудандық прокуратура өз бақылауына алды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деген еді Бостандық ауданының прокуратура өкілдері. 

Еске сала кетейік, кеше, 28 маусымда Алматы қалалық ІІД өкілдері екінші деңгейдегі банктердің бірі тоналғаны туралы мәліметті ресми түрде растаған болатын. Тонау дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы ("Тонау") бойынша іс қозғалды. Ұрылар ірі көлемде қаражатты алып кеткен. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

29 маусым 2017, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.