Атырау, 5 мамыр 21:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Еліміздің батысында аптап ыстық болады

3 100 просмотра


Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 29 маусым күні елдің басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал.

Республиканың тек батысы мен оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз. Атап айтқанда, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с екпіндегі жел шаңды дауылмен бірге көтеріледі.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей аумақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Сондай-ақ күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау облыстарының жекелеген жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Дереккөз: Baq.kz 

29 маусым 2017, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.