Атырау, 22 желтоқсан 12:16
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

А.Мұхамедиұлы: Түркия мен БАӘ демалыс орындарындағы баға еліміздегіден әлдеқайда арзан

1 438 рет қаралды


Түркияға, Біріккен Араб Әмірліктеріне бару, Алакөлге және басқа да демалатын орындарға баруға қарағанда арзан. Сондықтан біз туризмді дамыту мақсатында тиісті жұмыстарды қолға алудамыз. Бұл туралы «ЭКСПО» медиа орталығында өткен брифингтен кейін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Құпия жоқ. Түркияға, Біріккен Араб Әмірліктеріне бару, Алакөлге және басқа да демалатын орындарға баруға қарағанда арзан. Сондықтан біз осы мақсатта жұмыс істеп жатырмыз. Біз қолға алып жатқан бағдарламаның актілері болады. Онда барлығы көрсетіледі. Сондықтан біз тұжырымдаманың тезірек қабылданып, жүзеге асқанын қалаймыз», - деді ол.

Сонымен қатар баспасөз мәслихаты кезінде Арыстанбек Мұхамедиұлы ертеңгі Үкімет отырысында туризм мәселесі талқыланатынын айта келе, оған Бүкіләлемдік туристік ұйымының өкілі де қатысатынын қуанышпен жеткізді.

«Ертеңгі үкімет отырысында біз туризм қызметін дамыту концепциясын талқыға саламыз. Ол ( Бүкіләлемдік туристік ұйымының бас хатшысы – Талеб Рифаи) Үкімет отырысына қатысу үшін өзінің жұмыс жоспарын өзгертті. Әрине, бұл біз үшін үлкен құрмет», - деп түйіндеді сөзін министр.

Дереккөз: Baq.kz

26 маусым 2017, 14:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.