
EXPO-2017 көрмесінде 400 мыңдай болып қайтқан, ал Астана әуежайына 140 мың шетелдік қонақ келген. Бұл туралы "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-ның төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Нұр Әлем" сферасы ішкі мазмұны мен бірегей сәулетімен тартымды. Соңғы күндері ғана ол жерде 150 мың адам болды. EXPO көрмесін жалпылай 400 адам тамашалады. Халықаралық көрмеге көптеген елдер қызығушылық білдірді, осылайша, әлемнің 55 елінің азаматтары билет алған. Туристер саны артып жатқанын байқап отырмыз. Маусым басынан Астана әуежайы 140 мың шетелдік қонақты қабылдады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп", - дейді Есімов EXPO-2017 Конгресс-орталығындағы конференцияда.
Есімовтың сөзінше, 46 елдің азаматтары көрмеде ерікті болып жүр. "Халықаралық танымдылғын арттыру бойынша үлкен жұмыс жасалды, қазіргі кезде 1,5 миллиард адам хабардар. Көрме соңына дейін бұл сан 2,5 миллиард адамға жетеді", - деп атап өтті ол. Есімов көрме туралы жарнама айына 250 миллион адам қабылдайтын халықаралық ірі әуежайларға ілінгенін айтты. Сондай-ақ, Google компаниясымен стратегиялық ықпалдастық іске асырылып жатыр екен.
Дереккөз: Tengrinews.kz
В Атырау 0