Атырау, 8 мамыр 11:24
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Теміртауда екі адам бес жасар баланың көз алдында қаза тапты

2 848 просмотра


Теміртауда екі адам көмірқышқыл газынан уланып, қаза тапты, деп хабарлайды etemirtau.kz жергілікті басылымы. 

Бұл оқиға 21 маусымда гараждарда болған.  "Негізгі себеп, екі адам жер қоймаға түсіп, ескі картоптан тазартпақ болады. Картоп шіріген кезде көмірқышқыл газын бөлетіні белгілі. Тиісінше, погреб көлемінде көмірқышқыл газы пайда болған, яғни оттегі жоқ болған. Жерқоймаға түскен адамдарға ауа жетпей, тұншығып қаза тапқан", — деп түсіндірді Теміртау төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының басшысы Арман Алпысбаев басылымға.  

Бірінші болып  жерқоймаға түскен ер адам есінен танып қалған. Ал әйел адам оған көмектесемін деп, жерқойма есігіне кептеліп қалған болса керек. Мұның бәрі бес жасар бүлдіршіннің көз алдында болған. Туысқанының денесін көріп, бала көмек шақырыпты. Картоп шіріген кезде көмірқышқыл газын бөліп, оттегін түгелдей жұтып қояды. Бөлмеде көмірқышқыл газы бар-жоғын тексеру үшін, жанып тұрған қағазды тастау керек – от бірден өшіп қалса, бөлмеге кіруге болмайды деген сөз. 

Дереккөз: Sputniknews.kz 

26 маусым 2017, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.