Атырау, 8 мамыр 18:41
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

СІМ: Қазақстан Сирияға әскерлерін жіберу туралы ешкіммен келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ

2 038 просмотра


ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БАҚ өкілдерінің Ресей Қазақстан мен Қырғызстан әскерилерін Сирияға жіберу туралы ұсыныс айтты деген хабарламасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

«Қазақстан Сүрияға әскер жіберуге байланысты ешкіммен, ешқандай келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Біздің ел үшін әлемнің кез келген еліне өз әскерилерін жіберу үшін БҰҰ-ның тиісті қарары (резолюциясы) қажет. Қазақстан Сүрия дағдарысын шешуге байланысты Астанада осы мәселеге қатысы бар барлық тараптарға мінбер ұсынып отыр. Бұл Қазақстанның Сүрия дағдарысын шешуге қосқан үлесі. Ал Сүриядағы қауіпсіз аймақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер шілденің 4-5 аралығында Астанада өтетін кезекті Сүрия келіссөзінде талқыланатын болады.» - деді ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов журналистер алдында сөйлеген сөзінде.

Дереккөз: Tengrinews.kz



23 маусым 2017, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.