Атырау, 3 мамыр 03:08
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты пікір білдірді

2 174 просмотра


Қазақстанның валюта нарығындағы өзгерістер мұнай бағасының төмендеуі салдарынан сыртқы нарықтарда қалыптасқан жағдайлармен байланысты. Бұл туралы Ұлттық банктен хабарлады.  

Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Әлия Молдабекованың айтуынша, соңғы апталарда мұнай бағасының бір баррель үшін $46 деңгейге дейін және одан  төмендеуі нарықтағы ұсыныстың болжамды артықшылығына қатысты болған жаңалықтар аясында орын алуда. Оның айтуынша, Ливиядағы мұнайдың  өндірісінің ұлғаюы және АҚШ-тағы тақтатас мұнай өндірісінің өсуі туралы жаңалық нарықта ұсынысты төмендету бойынша ОПЕК шараларының табысты болуына күмән келтіруге мәжбүр етті. 

«Нарықтағы болжам бойынша, ұсыныстың артық болуы болжанғаннан гөрі ұзағырақ сақталады. Осылайша, ОПЕК келісімінің тиімділігі барынша күмән тудырады», – деп атап өтті Ә. Молдабекова.

Негізгі іргелі факторлардың бірі ретінде мұнай бағасының өзгеруі Қазақстан теңгесінің айырбастау бағамында әсер етіп отыр. Алайда ұлттық валютаның әлсіреуі Қазақстанда ғана емес, экономикасы ұқсас басқа елдерде де байқалып отыр. 

" Жұмадан бастап теңге 3%, Ресей рублі 4%, Канада доллары 0.6%, Бразилия реалы 1.1%, Норвегия кронасы 1.4% құлдырады", - делінген Ұлттық банк хабарламасында. 

Реттеушінің мәліметінше, Ұлттық банк валюта нарығындағы ахуалды қадағалауын жалғастырып отыр және артық құбылмалылықты реттеу жөнінде шаралар қабылдау құқығын өзіне қалдырып отыр. 

Дереккөз:  qazaqtimes.com 

22 маусым 2017, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.