Атырау, 3 мамыр 08:48
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Теңге мен мұнай бағасы тағы да әлсіреді

2 299 просмотра


KASE қор биржасының таңғы саудасында ұттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 327,41 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Еске салайық, 21 маусымда доллар бағамы 326,28 теңге болған. Бүгін ұлттық валюта 1,13 теңгеге әлсіреп отыр. Таңғы сауданың бірінші келісімі 327,06 теңгемен өтті және осы минималдық құны болды, ал максималдық құны - 327,48 теңге. Сауданың жалпы көлемі 115,300 миллион долларға жетті. 

 Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 327,5 - 327,7 аралығында.

Сондай-ақ, мұнай бағасы да құлдырады. 2016 жылдың қарашасынан бері тұңғыш рет мұнай бағасы барреліне 45 доллардан төмен түсті.  

22 маусымда Астана уақыты бойынша сағат 8.35 жағдайында Brent маркалы солтүстіктеңіз мұнай қоспасының тамыз фьючерстері барреліне 44,87 долларға тең болды, осылай 2,5 пайызға төмендеп отыр. WTI маркалы мұнайдың тамыз фьючерстері барреліне 42,63 долларға саудаланып жатыр. 

Баға АҚШ-тағы коммерциялық мұнай қорының бір аптада 2,5 миллион баррельге дейін төмендесе де (509,1 миллионға дейін) құлдырап жатыр. 

Дереккөз: Tengrinews.kz


22 маусым 2017, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.