Бүгін, 21 маусымда «Мұнайшы» стадионында «Атырау» футбол клубы жартылай финалдың қарсы матчында қарағандылық «Шахтер» командасын 3:0 есебімен жеңіп, Қазақстан Кубогының финалына шықты.
Алаң иелері Новица МАКСИМОВИЧ (47-минутта, пенальтимен), Владимир ДВАЛИШВИЛИ (70-минутта) және Айбар НҰРЫБЕКОВ (89-минутта) гол соқты.
Естеріңізге салсақ, бірінші матч 1:0 есебімен «Шахтер» пайдасына шешілген болатын.
Екінші жартылай финалда «Қайрат» шымкенттік «Ордабасы» командасынан 3:1 есебімен басым түсті (бірінші матч 0:0).
«Атырау» мен «Қайрат» арасындағы финалдық матч 14 қазанда Ақтөбеде өтеді.
Марат ТАКУЛИН
Суретті түсірген автор