Атырау, 22 желтоқсан 13:22
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Қоламен тоқтамаймыз»

3 220 просмотра


17 маусымда спорт қоғамдастығы мен ата-аналар теміржол вокзалында су добы бойынша Таразда өткен ел чемпионатында қола алқа алған «Атырау» командасының 2004-05 жылғы спортшыларын қарсы алды.  

- Қазақстанда біздің спорт түріміз қарқынды дамуда. ҚР Ұлттық құрамасы Азиядағы мықты командалардың бірі болып табылады және Олимпиадаға қатысу құқығын әлденеше рет жеңіп алды, - дейді Атырау қалалық спорттың су түрлері бойынша клубының аға бапкері Бағдат ДИНБАЕВ (суретте).Атырау Алматы мен Астана секілді еліміздің жасөспірімдер құрамасына спорт таланттарын жеткізуші болып табылады.

Бағдат ДИНБАЕВ
Үш жыл бұрын облыс құрамасының аға бапкері Ернұр ҚОЙЛИЕВПЕН бірге қала мектептерін аралап, жүзу білетін балаларды су добы секциясына қабылдау туралы хабарландырулар жапсырдық. 2016 жылы балалар ҚР чемпионатына алғаш рет қатысып, 4-орын алды. Биыл олар ыждағаттылықпен дайындалып, қола алқаға ие болды.

- Сайыстың қалай өткенін толық айтып берсеңіз.

- Бірінші турдың қорытындысы бойынша біз турнир кестесінде Тараздан, Астана мен Қарағандыдан төмен тұрдық. Балалар ренжіді, мен оларды қолымнан келгенше жұбаттым, өйткені олардың әлі де өздерін көрсете білетіндігіне сенген едім. Екінші турдан кейін біз бұрынғыша Тараз бен Астанадан кейін тұрдық. Бірақ ұпай саны (20) бойынша Қарағандымен тең түстік. Үшінші орын үшін осы командамен бәсекеге түсетініміз анық болды. Біздің командалар чемпионаттың қорытынды матчында кездесті. Мұның алдында салынған және жіберілген доптардың айырмашылығы біздің пайдамызға шешілмеген еді, біз тек жеңісті қаладық.

Алғашқы 8 минут ішінде 5-минутта есеп ашылды. Біздің «мергеніміз» Ернар Райымберді ерекшеленді. Бірінші таймның аяғында қарағандылықтар есеп теңестірді. Екінші таймда табанды күрес жалғасып, біз өз пайдамызға есепті 3:2 қылдық. Әрі қарай оңайға соқты: үшінші таймнан кейін 8:3 есебімен жеңіп, финал ысқырығы естілгенде таблода есеп 10:6 болды. Чемпионат аяқталғаннан кейін балалар келесі маусымда үшінші орыннан жоғарыға көтерілуге уәде берді. Келесі чемпионат қыркүйекте басталады.

- Сіздің командаңызда ойнағысы келетіндер бар, оны қалай жасауға болады?

- Су добы – спорттың ауыр түрі. Құрамына кем дегенде 5-6 жыл жүзе білетін балалар кіре алады. 

Менің резервімде осы чемпионатқа бармаған бірер шәкіртім бар, бірақ олар жақсы дайындалып, біздің команданың құрамына кіргілері келеді. Қыркүйекте Максим Топильский деген баланы командама қосқым келіп отыр.

- «Қола» команданың құрамын атасаңыз.

- Қайырхан Хасан, Е.Райымберді, Әділхан Халидоллаев, Никита Басурманов, Арсен Қайырғалиев, Әлішер Ерданов, Данил Подрядчиков, Альмир Иманғұлов, Ескендір Қазмұханов, Азамат Фаритов, Санжар Қосаманов, Егор Белоусов, Диар Тоқмұрзиев. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

22 маусым 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.