Атырау, 22 желтоқсан 17:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

ЭКСПО көрмесіне кіреберісте патрондар салынған пакет табылды

2 272 рет қаралды


ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағына кіреберісте оқ-дәрі салынған пакет табылды. Бұл жайында Астана қалалық Ішкі істер департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Ағымдағы жылдың 20 маусым күні сағат 11-де «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аумағының бақылау-өткізу бекетіне кіреберісте полиэтилен пакет табылды, ішінде 5 дана патрон болды. Елордалық полициейлер бейнебақылау жүйесінің көмегімен қысқа ғана уақыттың ішінде оқ-дәрі кімге тиесілі екендігін анықтап, күдіктіні ұстады. Ол Қарағанды облысының 22 жастағы азаматы болып шықты», - делінген Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптама қорытындысына сәйкес, оқ-дәрі зауыттық әдіспен жасалған және иір ойықты аңшы мылтығымен атуға арналған. Тергеу амалдары басталды. Ұсталған күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция ақпаратына сәйкес, көрме нысандарында 2 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған және олар Астана қалалық ІІД-нің жедел басқару орталығымен байланыстырылған.

Дереккөз: ҚазАқпарат


21 маусым 2017, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.