Атырау, 2 мамыр 09:19
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Елордада Астана процесі аясында кезекті отырыс өтеді

1 613 просмотра


Елордада Астана процесі аясында кезекті отырыс өтеді, деп хабарлайды Baq.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясының, Түркия Республикасының және Иран Ислам Республикасының сыртқы саяси ведомстволарымен келісе отырып, Сирия бойынша Астана процесінің шеңберінде жоғары деңгейдегі бесінші халықаралық кездесудің 2017 жылғы 4-5 шілдеде Астанада өтетіні туралы мәлім етті.

Қатысушылар Сириядағы жағдайды, Астанадағы келіссөздердің алдыңғы раундтары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын, оның ішінде Сирия аумағында жанжалды тежеу аймақтарын құруды талқылауды жоспарлауда.

Ұрыс іс-қимылдарын тоқтату режиміне кепілгер-елдер – Иран, Ресей және Түркия – әрі қарай мақұлдау мақсатымен Сирияда жанжалды тежеу аймақтарының параметрлерін регламенттейтін құжаттарды қарастырады, сондай-ақ Сирияда жанжалды тежеу аймақтарын құру туралы меморандумға сәйкес гуманитарлық көмектің кедергісіз қатынауын, инфрақұрылым объектілерін қайта қалпына келтіру мәселелерін талқылайды деп көзделуде.

Сирия бойынша Астана процесінің жоғары деңгейдегі алдыңғы кездесуі 2017 жылғы 3-4 мамырда Қазақстанның бас қаласында өтті. Келіссөздерге кепілгер-мемлекеттермен бірге Сирия үкіметінің және қарулы оппозициясының, сондай-ақ БҰҰ, Иордания және АҚШ делегациялары қатысты.

Кездесудің басты қорытындысы кепілгер-мемлекеттердің Сирияда жанжалды тежеу аймақтарын құру туралы меморандумға қол қоюы болды. Аталған құжат зорлық-зомбылықты тоқтатуға, Сирияның бірлігі мен аумақтық біртұтастығын сақтауға, сондай-ақ қақтығысты саяси реттеуге бағытталған.

Астана процесі Сириядағы жағдайды реттеу жолындағы қосымша арна болып табылады. Мүдделі тараптар бас қосатын негізгі алаңның БҰҰ аясында Женевадағы келіссөздер екендігі белгілі.

Дереккөз: Baq.kz

20 маусым 2017, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.