Атырау, 2 мамыр 07:59
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Шымкенттіктер ЭКСПО-ның жалған билеттерін жасады

2 540 просмотра


«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақовтың айтуынша, жалған билеттердің бәрі дерлік - көшірмелер. Ал тұпнұсқа билеттерін Шымкент қаласында сатып алған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Көрменің алғашқы күні жалған билеттердің 100 нұсқасы анықталды. Барлығы - түрлі-түсті ксерокс арқылы жасалған көшірмелер. Ал екінші күні ондай билеттердің 70 данасы анықталды. 

«Негізі, түпнұсқа билеттер Шымкент қаласында сатып алынды. Біз оны арнайы нөмірлер арқылы анықтадық. Сосын түпнұсқа билеттерден көшірмелер жасап алған», - дейді Қарымсақов. 

Аталған ақпаратты «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының коммерциализация жөніндегі департамент директоры Дәулет Еркімбаев та растады. Оның айтуынша, адамдар көп жағдайда билеттің көшірмесін жасау арқылы көрме аймағына кіргісі келген.

«Алайда әрбір билеттің өзіндік нөмірі мен коды бар. Бір рет кіріп шыққаннан кейін екінші рет өтуге рұқсат жоқ. Автоматты жүйе оны бірден анықтайды», - деп атап көрсетті Еркімбаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат


19 маусым 2017, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.