17 маусымда «Атырау» командасы қарағандылық «Шахтермен» сырт алаңда 16-шы турдың матчын ойнады.
Алаң иелерінің алғашқы шабуыл голмен аяқталды: матчтың 1-минутында Сергей СКОРЫХ сол қапталдан «Атыраудың» айыппұл алаңына жақсы доп беріп, жартылай қорғаушы Марко СТАНОЕВИЧ басымен бұрыштан доп соқты. Андрей ПАСЕЧЕНКО допты тойтара алмады. Бұл бүгінгі күнгі чемпионаттың ең «жылдам» голы болды.
Меймандар есеп теңестіру үшін көп шабуыл жасады, алайда 89-минутта тағы да гол жіберіп алды: айыппұл алаңынан сол Станоевич тағы да күшті соққысымен көзге түсті. Қорытынды: «Шахтердың» пайдасына – 2:0.
Дегенмен, командалар ұзақ уақытқа қош айтыспайды. 21 маусымда олар Атырауда «Мұнайшы» стадионында ел Кубогының жартылай финалының жауап матчын ойнайды. Естеріңізге салсақ, алғашқы ойын «Шахтер» пайдасына 1:0 есебімен аяқталған болатын.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ