ЖҮЗУ
2005 жылғы балалар арасында жүзу бойынша Шымкентте өткен ҚР чемпионатында атыраулық 12 жасар жүзуші Дамир Алтайұлы екі алтын және жеті күміс алқа иеленді.
Бұдан басқа, ол өз жасы үшін еркін стиль бойынша 50 метр қашықтықта 27.82 секунд рекорд орнатты.
– Дамир түрлі тәсілдермен жүзіп, жеңіске жететін әмбебап жүзгіш. Қарапайым мектепте де үздік оқушы, - дейді бас бапкер Иван Галкин. Бұдан басқа, И. Галкин басқа да атыраулық жүзгіштер Ерасыл Берегеновтің, Диар Гизатовтың және Владислав Димитровичтің жетістіктерін атап өтті. Қазір спортшылар Қостанайда өтетін республикалық “Веселый Дельфин” турнирінің екінші кезеңіне әзірленуде.
ЗІЛТЕМІР
БЖСМ-1 ауыр атлетика залында жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат өтті.
Өз салмақтары бойынша Олег Фофонов (жұлқа және сілке көтеру бойынша – 51 кг), Руслан Сатыбалдиев (65 кг), Станислав Андреев (70 кг), Айдана Сырымова (50 кг, барлығының бапкері И. Мырғамбаев), Дәулет Әлімбердиев (68 кг, бапкері А. Қосмұрзиев), Никита Ефремов (120 кг, бапкері Т. Халматов), Аманжан Шайхиев (75 кг) және Аманжан Тоғаев (82 кг, екеуінің де бапкері А. Убиев) жеңімпаздар атанды. Сайыс қорытындысы бойынша маусымның аяғында Семейде өтетін ел чемпионатына қатысу үшін облыс құрамасы құралды.
***
КІР ТАСЫН КӨТЕРУ
Қалалық спорт бөлімі мен «Барыс» БЖК қолдауымен гір спорты бойынша бозбалалар мен қыздар арасында біріншілік өтті.
Қоссайыс ұпайының жиынтығымен өз салмақ дәрежелері бойынша Олег Фофонов, Руслан Сатыбалдиев, Павел Трембач, Иван Продченко, Әлішер Бағыт, Айдана Сырымова және Батырбек Жұмабаев алтын алқалар алды. Жас спортшылар алдында спорт ардагері, әлем чемпионы Евгений Ухов өнер көрсетті. Ол жарты сағат ішінде пұттық гірді 820 рет көтерді. Бұл оның жеке рекорды.
Сурет Павел Трембачтікі
КИКБОКСИНГ
Ақтөбеде жасөспірімдер арасында кикбоксингтен ҚР чемпионаты өтті. Аға бапкер Мереке Рыспаевтың жетекшілігімен Атырау құрамасы бұл жерде үлкен жетістікке жетіп, үш алтын және екі қола алтын алды.
Алтын алқа Алина Мақсотованың (30 кг дейін), Роман Зубаревтің (39 кг дейін) және Серікжан Сәлімгереевтің (57 кг дейін), қола алқа Нұрсұлтан Жұмабаевтың (36 кг дейін) және Алдияр Зинеденовтің (42 кг дейін) еншісіне тиді.
***
ТАЕКВОНДО
Астанада балалар арасында таеквондодан ҚР чемпионаты өтті. Оған бүкіл өңірден 1065 жас спортшы қатысты.
Атырау облысының құрамасы жалпы командалық есеп бойынша 5-орын алды. Өз жас санаттары бойынша Алина Болат, Нұржан Елемес, Абылайхан Өтебалиев пен Эльдар Жолдаспаев алтын алқа иеленді. Әлихан Жәлелғали мен Парасат Болат күміс жүлдегер атанса, Жанерке Қалыбай, Әдия Идашова мен Фатима Серікбайға қола алтын бұйырды. Балаларды бапкерлер С.Сардарова, Е.Алагөзов, А.Махимова және Д.Қожыров дайындады.
***
ДОЙБЫ
Маусымның аяғында Оралда өтетін ел чемпионатына іріктеу үшін дойбыдан облыстық чемпионат аяқталды.
Абсолюттік есеппен ықтимал 14 ұпайдың 13-ін жинаған Мақсат Өтеғұлов 1-орын иеленді. Бекарыс Жұмалиев пен Нұрым Башанов 11 ұпайдан алды. Алайда екінші орын ойналған партияның күрделілік коэффициенті бойынша төрешілер алқасының шешімімен Бекарысқа тиесілі болды. Әйелдер арасында 1-орынды Данагүл Жұмалиева, 2-ші және 3-ші орындарды – Ардақ Сидағұлова мен Іңкәр Әбділдаева алды. Ерлер арасында жүлдегерлер (тиісінше 1-3 орындар) - Ильяс Қалмұрзиев, Берік Молдашев пен Базарбай Торғаев, қыздар арасында – Бақтыгүл Шелтенова, Гүльзада Әміржанова мен Әйгерім Уәлитханова, жасөспірімдер арасында – Шерхан Хайруллин, Рустам Аманжол мен Диас Картанов.
***
Қалалық спорт бөлімінің қолдауымен «Мұнайшы» спорт кешенінде дойбыдан қалалық балалар біріншілігі өтті.
Сайыс 2009-10, 2007-08 жылғы ұлдар мен қыздар санаты бойынша өткізілді. Қыздар арасында (1-ші орыннан бастап 3-орынға дейін тиісінше): төменгі топта - Эльназ Ғилым (ықтимал 10 ұпайдың 10 ұпайы), Айзере Оразова, Зинеп Азаматқызы; жоғарғы топта - Эльмира Жұмалиева, Мәлика Ерімбет және Жанель Әдиет, ұлдар арасында, төменгі топта: Темірлан Сырым (ықтимал 12 ұпайдың 10 ұпайы), Темірлан Дәулетұлы, Нұрдәулет Алмай; жоғарғы топта - Қалыбек Кенжеғали, Ернас Шубаков, Бейбіт Абдолов жүлделі орындар иеленді.
***
ДЗЮДО
Оралда дзюдодан Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың рухына арналған халықаралық турнирде облыс құрамасы ойдағыдай сайыс көрсетті.
Өз салмақ дәрежелері бойынша Азамат Жексенбаев пен Назгүл Құбашева жеңімпаз болды, «күмісті» Айзада Алмаз бен Ержан Теміржанов, «қоланы» – Қанат Сейілхан, Наурызбек Майлашев, Эльмира Самиғоллаева, Шынар Сүйіндікова мен Райымбек Ашықбаев иеленді. А.Жексенбаев ҚР спорт шебері нормативін орындады.
***
ЖЕКПЕ-ЖЕК
Павлодарда ұлттық жекпе-жек күрестен Қазақстан Кубогы өтті. Турнирге еліміздің бүкіл өңірінен 200-дей спортшы қатысты. Атырау құрамасының сайыс қорытындысы – 4 алқа.
55 келіге дейінгі салмақта Серікжан Түсіпов күміс алқаға ие болды. Данияр Артықов (55 кг дейін), Наурызсұлтан Жолдасов (60 кг дейін) және Ерген Оразов (90 кг дейін) қола алқа алды. Оларды құраманың аға бапкері Асылбек Аманжол дайындады. Спортшылар мен олардың бапкерлері федерация президенті Меңдіхан Бекбенбетов пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекетке қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреді.
***
ТУРИЗМ
Дене шынықтыруды дамыту өңірлік орталығының қолдауымен Талғайраң тоғайында мектептер мен колледждердің педагогикалық ұжымдарының арасында туризм бойынша облыстық фестиваль өтті.
Сайыс қызықты әрі көңілді болды. Туристік әндер байқауында (гитараның сүйемелдеуімен) Құрманғазы ауданының командасы жеңімпаз атанды, туристік газет бойынша – бизнес және құқық колледжі, спорттық бағдарлау, кедергілерден өту, шатыр тігу бойынша индерліктер үздік болды, туристік ботқа пісіруден энергетика және құрылыс колледжі жеңіске жетті. Сайысқа өңірлік орталық маманы Шыңғыс Мұханғалиев төрелік етті. Оның айтуынша, фестиваль аяқталғаннан кейін қатысушылар бүкіл қоқыстарды жинап, алауларды сөндірген.
Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ