Атырау, 22 қараша 05:17
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Балабақшалар жеке қолға өте бастады

4 533 просмотра

№24 (бұрынғы «Счастливое детство») балабақшасы жеке тұлғаның сенімді басқаруына берілуде.

Қалалық білім беру бөлімінен осыған қатысты ақпаратты ала алмадық. Қалалық білім беру бөлімінің бастығы София ӘЛІБАЕВАНЫҢ «қалалық әкімдіктің келісімінсіз ештеңе айтпау» жөніндегі ауызша бұйрығына сілтеме жасаған бағыныштылар бізді Атырау қалалық қаржы бөлімінің бастығы Гүлмаржан ТАҒАНБАЕВАҒА жолдады. Ал ол бізге былай деген еді: «Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қалалық әкімдікте бюджет қаржыларын үнемдеу және қызмет сапасын жақсарту мақсатында балабақшаларды сенімді басқаруға беру туралы мәселе қаралып жатыр. Бүгінде қалалық білім беру бөлімінен №24 балабақшаны сенімді басқаруға беру туралы ұсыныс түсті. Қазір тендерлік комиссия құрылуда. Қатысушыларға тендерлік іріктеу жүргізіледі, содан соң тендер өткізу туралы ақпарат жарияланатын болады».

Тендер, дәлірек айтқанда, қаңтарда өтетін болар, алайда балабақшаны сенімді басқаруға қандай шарттармен беретіндігі белгісіз.

№24 балабақшаның меңгерушісі Татьяна ДАЛУЕВАНЫҢайтуынша, балабақша 140 орынға арналған, алайда іс жүзінде оған 210 бала барады: «Бір айдан бері бізді сенімді басқаруға береді деген әңгіме жүріп жатыр, алайда бізге ресми түрде ештеңе хабарлаған жоқ. Біздің ғимаратымыздың салынғанына 37 жыл болды, күрделі жөндеу бірде-бір рет болмаған. Қазір айлық төлем 6 мың теңгені құрап отыр. 1-ші ақпаннан бастап ол 8 мыңға дейін көтерілмек».   

Ал тәрбиешілер мен ата-аналар балабақшаның айлық төлемақысы 40 мың теңге тұратын жеке балабақшалардың бірінің басшысының сенімді басқаруына ауысатынын «білетін» шығар. Ғимаратқа сырттай көзі түскен болашақ қожайынын, балалар санын 30 пайызға дейін қысқартатынын айтқан деседі.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

20 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.