Атырау, 8 қазан 05:32
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Экология да майшелпекке айналған ба?

4 379 просмотра

Жайық-Каспий экология департаменті бастығының орынбасары Қанат МҰСАПАРБЕКОВ қызмет орнынан алынып, қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

Табиғат қорғау прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесі көрсеткендей, облыстық экология департаменті бастығының орынбасары «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заң нормаларын бұзған. Атап айтқанда, басқа мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметіне заңсыз араласып, заңды тұлғалардың, кәсіпкерлердің мүдделерін қолдаған.

Осыған қатысты прокуратура тәртіптік кеңеске ұйғарым енгізген еді. Содан кейін ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экоогиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен Мұсапарбеков қызмет лауазымынан босатылды. Бұдан басқа, оған қарсы 307-бап («қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану») бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.

Лев ГУЗИКОВ

1 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.