Қала әкімінің өкімімен әлеуметтік мәселелер жөніндегі қала әкімінің орынбасары болып бұрын гуманитарлық колледждің директоры және облыстық «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары боп жұмыс істеген, 1976 жылы туылған ҚАРАБАЕВА Айжан Сәрсенқызы тағайындалды.
Қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі бұрынғы орынбасары Киікбай ЖАУЛИН облыстық білім беру басқармасының бастығы боп тағайындалды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ