Атырау, 22 желтоқсан 13:27
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Павлодардағы тең ойын

2 976 просмотра


20 мамырда футболдан ел чемпионатының 13-турында «Атырау» «Ертіс» командасымен (Павлодар) көшпелі ойын ойнады.

Алаң иелері «Атыраудың» жоспарлы қорғаныс ойынын байқап көруден бастады. Ақ-жасылдар лайықты, сенімді қорғана білді. Алайда 27-минутта қорғаныстан қателік кетті, дәлірек айтқанда, Андрей КИСЛИЦИННІҢ тұзағына түсті. Ол меймандардың айыппұл алаңына жақын жерден доп алған соң оны қорғаушылардың арасымен қақпаға соғатындай түр көрсетті. Алайда күтпеген жерден допты қатты етіп қақпаға соққанда, бұған қақпашы Андрей ПАСЕЧЕНКО дайын болмаған еді – 1:0.  Осыдан кейін павлодарлықтар екінші голды соғуға әрекет жасады. Алайда үзіліс ысқырығына дейін ұпайларын еселей алмады.

Екінші таймда қожайындар бірнеше рет шабуыл жасады. Меймандардың да ойлағандары іске аса қоймады. Алайда 69-минутта бұрыштан доп берілгеннен кейін Юре ОБШИВАЧ оны баспен қақпаға кіргізді. Есеп 1:1 болып, кездесу соңына дейін өзгермеді. 11 ұпаймен «Атырау» турнир кестесінде сегізінші орынға ауысты.

Келесі ойын - 24 мамырда Қарағандыда жергілікті «Шахтермен» Қазақстан Кубогының жартылай финал матчы өтеді.

Марат ТАКУЛИН

21 мамыр 2017, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.